Петропавл қалалық полициясына жаңа басшы тағайындалды

None
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің бұйрығымен Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы тағайындалды. Бұл лауазымға полиция полковнигі Марат Жұмалиев келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 42 жастағы Марат Жұмалиев өңір тумасы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда туған. Ішкі істер органдарында 2005 жылдан бастап қызмет атқарып келеді.

Еңбек жолын Петропавл қалалық полиция басқармасы 2 полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің тергеушісі болып бастаған.

Кейін түрлі лауазымдарда, оның ішінде қалалық полиция басқармасы мен облыстық полиция департаментіндегі криминалдық полиция бөліністерінде басшылық қызметте болды. Осыған дейінгі соңғы лауазымы – СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы.


Қалалық полициясы басқармасының жетекшісін таныстырған СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов жаңа басшыға өңірдегі ең ірі полиция бөлінісінің жедел-қызметтік жұмысын ұйымдастыруда сәттілік тіледі.

Петропавл қалалық полиция ведомствосының бұрынғы басшысы полиция полковнигі Ербол Тайбеков Тараз қаласы полиция басқармасының бастығы болып тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар