+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Петропавл халықаралық әуежайы банкрот болды

2021 жылғы 15 маусым 14:53
Бөлісіңіз:
Петропавл халықаралық әуежайы банкрот болды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл халықаралық әуежайы банкрот деп танылып, 109 жұмысшының еңбекақы бойынша қарызы 27,3 млн теңгеге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да бір жасар сәби коронавирустан қайтыс болды СҚО-да ауыл әкімдерінің сайлауына 218 кандидат түспек

«Петропавл халықаралық әуежайы» АҚ дағдарыстан шығар емес. Солтүстік Қазақстан көлік прокуратурасының мәліметінше, 2020 жылдың 28 желтоқсанында әуежай мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының үкімімен банкрот деп танылды. Биыл 13 сәуірде сот үкімі заңды күшіне енді.

«Бүгінде Петропавл халықаралық әуежайын облыс әкімдігінің коммуналдық меншігіне өткізу рәсімі жүргізіліп жатыр. СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №125 бұйрығымен банкроттықты басқарушы тағайындалды. Банкроттықты басқарушы тағайындалуымен кәсіпорынның кейбір мүлкіне бағалау жүргізіліп, 44 млн теңге сомасында болжамды құны белгіленді. Облыс мәслихатының шешімімен сонша ақша бөлінді. Бұл қаражат әуежай жұмысшыларының еңбекақы бойынша қарызын жабуға жұмсалады», - дейді Солтүстік Қазақстан көлік прокуроры Абылайбек Ордабаев.

Еңбекақы бойынша қарыз мәселесі бұрыннан бар. СҚО әкімі Құмар Ақсақаловтың көмегімен өткен жылдың қазан айынан бері 8 транш жүргізіліп, қарыздың 44 154 251 теңге сомасы өтелген. Қазір әуежайдың 109 жұмысшысының қарызы 27,3 млн теңгені құрап отыр.

«Біз көлік кәсіпорындарында еңбек заңнамасының сақталуына үнемі мониторинг жүргіземіз. Әуежайдың ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Жұмысшыларға әуежайдың қаржылық жағдайы, нысанның әкімдіктің коммуналдық меншігіне өтетіні түсіндірілді. Қазіргі уақытта әуежайдың азаматтарға қызмет көрсетуі тоқтатылуына байланысты шағымдар мен арыздар жоқ. Әлеуметтік жағдай бірқалыпты», - дейді Абылайбек Ордабаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT