Петропавл ботаникалық бағында 100 жылдық юкки өсімдігі гүлдеді (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл ботаникалық бағында 100 жылдық юкки өсімдігі гүлдеді. Бұл туралы «Қызылжар оранжереясы» МҚКК-ның бас агрономы Равиль Рязапов айтты.

«Юкки өсімдігі - агава тұқымдасынан. 100 жылдан астам уақыт өсіп, биылғы жылы бірінші рет гүл атып отыр. 1912 жылы полковник Урапов Санкт-Петербор қаласының ботаникалық бағынан көптеген өсімдіктерді әкелген, соның арасында мейірбан лавр және юкки өсімдігі болған. Бұл кәсіпорында бірінші бағбан Василий Герасимович Осипов еді, ал біз оның жолын қуып, бұл өсімдіктерді күтумен айналысып жүрміз», - деді Р.Рязанов.

Юкки - Солтүстік Американың субтропиктік аймағынан шыққан ағашқа ұқсас көпжылдық өсімдік; агава тұқымдасына жатады және 40-қа дейін түрі бар. Юккидің отанында оны түрлі салаларда пайдаланады. Кесілген гүлдерінен қанттың жоғары мөлшері бар шырын алынады. Жіп сияқты өсетін юккиден мақта қолданбай тұрғанда бірінші джинсы шалбары тігілген берік талшықтар алынады. АҚШ-та осы күнге дейін джинсы шалбарларын шығаруда юкки талшықтары қолданылады, бұл оны шамалы5а жыртылмайтындай төзімді етеді. Бұдан басқа, юкки талшықтарынан қағаз бен арқан жіптері шығарылады. Сондай-ақ бұл өсімдік емдеу мақсаттарында қолданылады.

Соңғы жаңалықтар