Петропавл әкімдігінің бөлім басшысы 150 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Петропавл қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі басшысын пара алды деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, Петропавл қаласы әкімдігінің Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы күзет агенттіктерінің бірінің директорынан 150 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Лауазымды тұлға бұл соманы мемлекеттік сатып алу шартына сәйкес мемлекеттік нысандардың бірін күзету бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін алған.

Мамандардың айтуынша, Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мән-жайы тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.


Соңғы жаңалықтар