Петропалда лифт құлап, бір адам көз жұмды

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропалда көпқабатты үйде лифт құлап, бір адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«4 қарашада Петропавл қаласының Полиция басқармасына Жұмабаев көшесіндегі тоғыз қабатты үйде лифтіге күрделі жөндеу жүргізу кезінде трос үзіліп, салдарынан 8-ші қабат биіктігінен 39 жастағы ер адам шахтаға құлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Ер адам алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді», - делінген мәліметте.

Қазір оқиға орнында Петропавл прокуратурасының және полиция басқармасының жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.


Соңғы жаңалықтар