Петр Павел Чехияның жаңа президенті болды

None
ПРАГА. ҚазАқпарат – НАТО-ның отставкадағы генералы Петр Павел Чехияның жаңа президенті болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап.

61 жастағы Павел осы демалыс күндері болған президент сайлауының екінші кезеңінде 58,32 % дауыс жинады.

2017 жылдан 2021 жылға дейін Чехияның премьер-министрі болған оның қарсыласы Андрей Бабиш сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейін сөйлеген сөзінде өзінің жеңілгенін ресми мойындады. Ал қазіргі Чехияның президенті Милош Земанның екінші мерзімі осы жылдың наурыз айында аяқталады.

BBC News Чехиядағы президент сайлау науқаны кезінде кандидаттарға қатысты қастандық ұйымдастыру және оларға қатысты жалған ақпараттар болғанын мәлімдеді. Өткен аптаның басында Петр Павел өзінің Twitter парақшасында, жалған веб-сайттарда және электрондық пошта арқылы таратылған қастандық туралы қауесеттерді жоққа шығарды.

Алайда оның қарсыласы Бабиш бұл дезинформацияны айыптады. Ол бірнеше күн бұрын өзіне анонимді қастандық төндіру жайлы ақпарат алғаннан кейін жеке қауіпсіздігі үшін науқанның барлық жеке көріністерін тоқтатқан.

Ал Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен Петр жаңа сайланған Павелді құттықтай отырып, «еуропалық құндылықтарға берік міндеттемесін» құптайтынын жеткізді.

Фото: FILIP SINGER/EPA-EFE/REX/SHUTTERSTOCK



Соңғы жаңалықтар