Петиция шекті дауыс жиналғаннан кейін ғана жұртшылыққа ұсынылады – министрлік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Петиция шекті дауысты жинағаннан кейін ғана жұртшылыққа ұсынылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Петиция туралы заң жобасы қабылданғаннан кейін арнайы сайт әзірленеді. Ол жерде азаматтар петиция беруге өтініш қалдыра алады. Авторға тікелей сілтеме беріледі, сол сілтеме арқылы петиция иесі шекті дауысты жинауы керек. Белгіленген шекті дауыс жиналғаннан кейін петицияны көпшілікке ашық түрде жариялап, жұртшылық назарына кеңінен ұсынуға болады. Бұны ашық петиция деп айтуға болады», - деді Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет «Аmanat» партиясында өткен брифингіде.

Айта кетсек, Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин петицияға жазуға тыйым салынатын тақырыптар мен оның себебін түсіндіріп өтті.

Одан бөлек, брифинг барысында «Петиция арқылы шенеуніктерді лауазымынан босатуға бола ма?» деген жайтқа түсінік берілді.


Соңғы жаңалықтар