+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Пешке май төгілген: Ақмола облысында теміржол вокзалынан өрт шықты

2021 жылғы 3 тамыз 13:31
Бөлісіңіз:
Пешке май төгілген: Ақмола облысында теміржол вокзалынан өрт шықты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Құтқарушылар Макинск қаласының теміржол буфетінде болған өрттің алдын ала себебі ретінде пешке төгілген майды айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Таразда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер өртенді Атырауда екі қабатты мансардты үй өртеніп кетті Атырауда тұрғын үйдің шатыры өртенді

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 тамыз күні сағат 01:33-те өрт сөндірушілерге Макинск қаласында теміржол вокзалы ғимаратының жанып жатқаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен.

«Үш минуттан кейін өрт сөндірушілер ТЖ орнына келді. Барлау жүргізу кезінде «Макинка» станциясының теміржол вокзалының асханасы өртеніп, жалын шатырға қарай тарап бара жатқаны анықталды. Өрттің жалпы ауданы 60 шаршы метрді құрады. Бір сағат ішінде өрт оқшауланды және тағы бір сағаттан кейін толығымен сөндірілді»,- деп атап өтті ведомство.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында теміржол вокзалының ғимараты құтқарылды.

Құтқарушылардың айтуынша, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, теміржол қатынасы да бұзылған жоқ.

«Өрттің алдын ала себебі – пешке төгілген май. Буфет қызметкерлері тамақ дайындап жатқанда абайсызда өрт шыққан. Алайда, бұл - тек алдын ала болжам ғана. Өрт орнына өртке қарсы зертханасы барды, ол кейінірек өрттің нақты себебін анықтайды», - деп толықтырды департамент.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT