Перзентханада қайтыс болған жүкті әйелдің өлімі үшін дәрігерлер жауап береді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда дәрігерлер перзентханада қайтыс болған әйелдің өлімі үшін жауап береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«25 жастағы жергілікті тұрғынның қайтыс болу фактісі бойынша ҚР ҚК 317-бабы 3-бөлігі («Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы») бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Басқа да мәліметтер тергеу амалдарына байланысты жарияланбайды», - делінген Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салайық, биыл 12 қыркүйекте Атырау облыстық перинаталдық орталығында аяғы ауыр әйел қайтыс болған еді. 

Соңғы жаңалықтар