Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.19 EUR 426.63
RUB 5.92 CNY 56.54
Jańalyqtar

Перудің экс-президенті өзін-өзі өлтірді

2019 жылғы 18 сәуір 00:46 621
Бөлісіңіз:
Перудің экс-президенті өзін-өзі өлтірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Перудің бұрынғы президенті (1985-1990, 2006-2011) Алан Гарсия сыбайлас жемқорлық ісі бойынша сот шешімімен ұстау кезінде өз-өзіне қол жұмсап, Лима ауруханасында көз жұмды, деп хабарлады сәрсенбі күні TeleSUR телеарнасы.

Ұқсас жаңалықтар
Жаркентте полиция жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел тергеу тобына оқ атты Португалиядағы автобус апаты: 28 адам қаза тапты

Сот Гарсияны он күнге қамау туралы шешім шығарған. Прокуратура қызметкерлері Лима аудандарының біріндегі үйінде экс-президентке ордер көрсеткен кезде ол өзін-өзі өлтірген.

Өткен жылдың қарашасында сот Гарсияның елді 18 айға дейін тастап шығуына тыйым салған болатын.

Тергеушілердің пікірінше, саясаткер Odebrecht компаниясына тиімді келісімшарт  жасалуы үшін 100 мың доллар алған болуы мүмкін.

Бұрынғы мемлекет басшысы өз кінәсін мойындаған жоқ.

2018 жылы 17 қарашадан 3 желтоқсанға дейін ол Уругвай елшілігінде бой тасалап жүрген. Бірақ оған пана беруден бас тартылғаннан кейін резиденциядан кетуге тура келді. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT