Перуде сауда орталықтарында 40 минуттан артық жүруге тыйым салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Перуде үш айдан астам уақыттан кейін ірі сауда орталықтары қайта ашылды, деп хабарлайды Хабар24.kz.

Бірақ індеттің қайта таралуын болдырмас үшін санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Тұрғындар сауда орнына кірмес бұрын дене қызуын тексертіп, қолдары мен аяқ киімдерін зарарсыздандыруы қажет. Және де ғимарат ішінде 40 минуттан артық жүруге тыйым салынады.

Айта кетейік, Перуде 90-нан астам ірі сауда орталығы бар. Олардың 60 проценті ел астанасы Лимада орналасқан.


Соңғы жаңалықтар