Перуде автобус жардан құлап, 25 адам мерт болды

2023 жылғы 29 қаңтар, 10:32
Перуде автобус жардан құлап, 25 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Перудің солтүстігінде 60 жолаушы мінген автобус сенбі күні жардан құлап кетті. 25 адам қаза тапты, ондаған адам жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат қытайдың Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Деректер бойынша, оқиға 03:00 шамасында болған. Рейстік автобус жүргізушісі Пьюра аймағы Талара провинциясындағы қолайсыз жолда көлікті игере алмай, автобус құздан құлаған.

Жергілікті полиция тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

Перуде жол-көлік апаты жиі болады. Оның негізгі себептері – жол мен көліктердің нашарлығы, сондай-ақ көлікті жүргізуші куәлігінсіз немесе мас күйінде айдау.

фото - zerkalo.az
Ұқсас жаңалықтар
Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar