Перуде автобус құздан құлап, 20-дан астам жолаушы қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Перудегі Панамерикан тас жолының Пасамайо ауданында автобус құздан құлап кетті. Апаттан кемінде 25-тен астам адам қаза тапты, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.

«Біздің қолымызда нақты мәліметтер жоқ, алайда қаза тапқандардың саны 25-тен асып кетті», деп мәлім етті жергілікті телеарнаға перуандық полиция өкілі Дино Эскудеро.

Телеканалдың келтірген мәліметі бойынша, автобуста 50-ге жуық жолаушы болған.

Билік қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізуде. Бастапқы болжам бойынша апатқа автобустың басқа көлікпен соқтығысуы себепші болған.

 

Соңғы жаңалықтар