+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

Пермь университетіндегі атыс: қаза тапқандар саны 8 адамға жетті

2021 жылғы 20 қыркүйек 14:35
Бөлісіңіз:
Пермь университетіндегі атыс: қаза тапқандар саны 8 адамға жетті

МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресейдің Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде атыс салдарынан қаза болғандар саны 8 адамға жетті. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейдің Пермь қаласы маңындағы мектепте оқ атылды Ресейде коронавирустан қайтыс болғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті Сарапшы: қарашада коронавирусқа шалдыққан ресейліктердің саны 1 млн-нан асуы мүмкін

«Атыс салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы бірнешеуі зардап шеккен», - деп нақтылады агенттік сүйенген дереккөз.

Ведомство мәліметінше, университет аумағында оқ жаудырған – студент. Оның есімі анықталды. Ұстау кезінде қарсылық танытқан ол жарақат алды.

Атыс фактісі бойынша екі және одан көп адамды өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Оның Тергеу комитетінің орталық аппараты тергейтін болады.

Аймақ прокуратурасының хабарлауынша, оқиға орнына Пермь өлкесінің прокуроры Павел Бухтояров аттанды. Ол атыс болған жерде тексеру жүргізіп жатқан құқыққорғау және басқа ведомстволардың жұмысын үйлестіріп, қадағалайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT