Пермь шахтасындағы өрт: Сегіз адамның денесі табылды

None
None
ПЕРМЬ. ҚазАқпарат - Ресейдің Пермь өлкесінде апат болған Соликамск шахтасынан сегіз адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Бірінші деңгейде құтқарушылар - екі адамның, екінші және үшінші деңгейде тағы алты адамның денелерін тапты», - деп мәлім етті Пермь өлкесі үкіметінің баспасөз қызметінен.

Барлығы шахтада тоғыз адам қалып қойған болатын.

Баспасөз қызметі құтқарушылар жер астына түсуге тағы әзірленіп жатқанын жеткізді. Шахтадағы жекелеген өрт ошақтарын жою жұмыстары әлі де жалғасуда.

Еске салайық, сенбі, 22 желтоқсан күні мәскеу уақытымен шамамен сағат 10.04-те «Уралкалий» компаниясының Соликамск шахтасында өрт шықты. Барлығы кеніште 17 адам жұмыс істеп жатқан. Олардың сегізі жер бетіне дін аман шыға алды.

 

Соңғы жаңалықтар