Пермьдегі шахтада өрт шығып, 9 шахтер жер астында қалып қойды

None
None
СОЛИКАМСК. ҚазАқпарат - Пермь өлкесіндегі Соликамск шахтасынан өрт шықты. Бұл туралы төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап, ТАСС хабарлады.

«Өрт 340 метр тереңдікте орын алған. Сегіз адам жер бетіне шығарылды. Тағы тоғыз адам шахтада қалып қойды», - деп мәлім етті дереккөз. Қазір өрт сөндіріліп жатыр.

Жоғары температура мен қою түтін құтқарушыларды өткізбей, қолдарын жіпсіз байлап отыр. 

Дереккөздің айтуынша, шахтаны қою түтін жайлаған. Өрт тұтанған кезде шахтада бетондау жұмысы жүріп жатқан, онымен мердігер ұйым айналысқан екен. Новосібірлік құтқарушылар өртке байланысты сақадай-сай тұр.

Дереккөздің сөзінше, төтенше оқиға орнына Ресей ТЖҚ күш-құралдары тегіс жұмылдырылған. Сонымен бірге, үш психологтан құралған бригада келіп жетті. Пермь апаттық медицина аумақтық орталығының дәрігерлері мен Пермь өлкелік құтқару қызметінің санавиация бөлімшесі, жедел жәрдем бригадалары да осында. 

Соңғы жаңалықтар