Пермьде бұзақылар трамвайға оқ жаудырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пермь қаласының Индустриялық ауданында белгісіз біреулер трамвайға оқ жаудырды. Оқиға «Кеңестік Әскер» аялдамасында орын алған.

Қалада қаскүнемдерді іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, трамвайға мотоциклге мінген белгісіз біреулер № 11 бағдарымен «107-ші мектеп» аялдамасына жүріп келе жатқан трамвайдың терезесіне оқ атқан.

Абырой болғанда, трамвайдың жолаушылары да, сол уақытта жақын жерде болған куәгерлер де зардап шеккен жоқ. Қоғамдық көлік депоға кіргізілді, деп жазады planet-today.ru.

Соңғы жаңалықтар