Перинаталдық ұйымдардың көбі материалдық-техникалық талапқа сай емес – Смайылов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Әлихан Смайылов еліміздегі перинаталдық орталықтардың материалдық-техникалық жағдайын сынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда мемлекет әйелдердің денсаулығын жақсарту мәселесіне баса көңіл бөлуде. Перинаталдық ұйымдардың материалдық-техникалық жағдайына ерекше назар аудару қажет. Олардың көпшілігі талапқа сай емес. Бұл сапалы медициналық көмекті толық көлемде көрсетуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан да бірінші кезекте ана мен баланы қорғау жөніндегі тұжырымдама жобасында перинаталдық орталықтардың инфрақұрылымын жаңғыртуды ескеру керек», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Премьер-Министр Денсаулық сақтау министрлігіне Алматыдағы акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығын жөндеу және жарақтандыру мәселесін жеделдетуді тапсырды.

«Әкімдіктер жұмыспен қамту картасы шеңберінде әйелдерді жұмыспен қамту шарасын жалғастыруы қажет. Еңбек министрлігі осы бағыттың іске асырылуын үйлестіру мен мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін. Сонымен қатар әкімдіктер «Даму» қоры және «Атамекен» палатасымен бірлесіп, кәсіпкер әйелдердің жобаларын қаржыландыруды кеңейту, оларды капиталды көп қажет ететін жобаларға тарту жөніндегі жұмысты күшейтуі қажет. Осы жұмыстың жүргізілуін кеңінен түсіндіру үшін Ақпарат министрлігі қолдау көрсетуі тиіс», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар