Пенжімдегі жаппай төбелес: Зардап шеккен оқушы жансақтау бөлімінен ауыстырылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Панфилов ауданының Пенжім ауылында оқушылардың жаппай төбелесінен зардап шеккен бала жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2005 жылы туған науқас жансақтау бөлімінен травматология бөлімшесіне ауыстырылды. Ал 1967 жылы туған науқас хирургия бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Қазіргі таңда екі науқастың да жағдайы жақсарып келеді. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауырлықта деп бағалап отыр. Пациенттерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», - деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ресми өкілі Ләйлім Әубәкірова.

Еске салсақ, 27 қазан күні Панфилов ауданының Пенжім ауылында оқушылар арасында жаппай төбелес болды. Бұзақылар бірнеше үй мен көліктің терезелерін сындырды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Дәрігерлер зардап шеккен баланың денсаулығы туралы айтты.

Кейін Панфилов ауданының әкімі Пенжім ауылының тұрғындарымен кездесті.

Ауылдағы үйлердің материалдық шығындары есептеліп жатыр. Қазірдің өзінде 30-дан астам үйдің терезелері толықтай қалпына келтірілген.




Соңғы жаңалықтар