+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Пенжім ауылында жаппай төбелестен зардап шеккен оқушының жағдайы қалай

2021 жылғы 28 қазан 11:41
Бөлісіңіз:
Пенжім ауылында жаппай төбелестен зардап шеккен оқушының жағдайы қалай

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Панфилов ауданы Пенжім ауылында жаппай төбелестен зардап шеккен оқушының жағдайы ауыр,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда түнгі клубта қыздар төбелесті Шар қаласындағы жаппай төбелеске қатысты тергеу басталды – ШҚО Қызылордада полиция түнде төбелескен бір топ жігітті ұстады

«2005 жылы туған науқас 27 қазанда Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасына келіп түсті. Науқас ашық бас сүйек-ми жарақатын алғандықтан жалпы жағдайы ауыр. Диагноз: мидың ауыр ашық жарақаты. 2-3 дәрежелі травматикалық шок алған»,- дейді Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.

Естеріңізге сала кетейік, өткен тәулікте Панфилов ауданындағы Пенжімде оқушалар арасында жаппай төбелес болғанын хабарлаған болатынбыз.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ресми ақпаратына сәйкес, аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды .


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT