Пентагонды алғаш рет афроамерикалық азамат басқарады

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ Сенаты президент Джо Байден Қорғаныс министрі лауазымына ұсынған Ллойд Остиннің кандидатурасын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Америка дауысы» жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Осылайша, отставкадағы генерал Л.Остин Пентагонға басшылық жасайтын АҚШ тарихындағы алғашқы афроамерикалық азамат болып отыр. Жұма күні таңертең сенаторлар оны Америка Қорғаныс министрі қызметіне бекітті.
Л.Остин бұған дейін Тауя Шығыста және Оңтүстік Азияда америка әскеріне басшылық еткен. Оны жаңа лауазымға тағайындау үшін Конгресстен арнайы рұқсат қажет болған. Себебі, ережеге сәйкес, бұрынғы әскери қызметшілер қарулы күштерден кеткеннен кейін 7 жыл толмай тұрып азаматтық лауазымдарға тағайындала алмайды. Өкілдер палатасы мен Сенат бұл ережеден ауытқу мүмкіндігін дауысқа салған. Нәтижесінде отставкадағы генерал көптеген демократтардың және республикалықтардың қолдауына ие болған.
Оның кандидатурасы үшін 100 сенатордың 90-ы дауыс берді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Әсел Робертс (Төленова) есімді қазақ қызы АҚШ президенті протоколы басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Сондай-ақ елдің вице-президенті қызметіне Камала Харрис тағайындалды. Ол Америка вице-президенті лауазымына келген алғашқы әйел әрі алғашқы қара нәсілді азамат болып отыр.
АҚШ-тың 46-ыншы президенті Джо Байден қызметіне ресми түрде 20 қаңтар күні кірісті.
- АҚШ-та бірмоторлы ұшақ апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты
- ДДСҰ құс тұмауының адамға жұғу фактісін растады
- Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 113,3 миллионнан асты
- Илон Маск бір тәулікте 14 млрд-қа жуық доллардан айырылды
-
Ганада екі автобус соқтығысып, 16 адам қаза тапты
-
Нигерияда мектеп-интернаттан 300-ден астам оқушыны ұрлап әкетті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам