Пенсильванияда қайырымдылық шарасында көлік көпшіліктің арасына кіріп кетіп, 17 адам зардап шекті

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – Пенсильвания билігінің мәліметінше, жүргізуші бір топ адамды қағып, содан кейін басқа қаладағы әйелге шабуыл жасаған. Салдарынан екі адам мерт болып, 17 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат NBC News-ке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 5 тамызда Люцерн округінің Нескопек қаласындағы үйде өрт салдарынан қайтыс болған үш бала мен жеті ересек адамның отбасыларына қаражат жинау үшін Колумбия округінің Бервик қаласында қайырымдылық іс-шарасы өткен. Оған жиналған 18 адамды көлік қағып кеткен.

Бір адам қаза тауып, түрлі дәрежедегі жарақат алған 17 зардап шегуші төрт аудандық ауруханаға жеткізілді. Олардың бесеуінің жағдайы ауыр, үшеуінікі қанағаттанарлық жағдайда. Жеті адамға медициналық көмек көрсетілді, олар ауруханаға жатудан бас тартты.

Осы қылмыстан кейін көлік жүргізушісі Нескопек қаласындағы әйелге шабуыл жасаған. Келіншек оқиға орнында қайтыс болған.

Күдіктіні полиция ұстады. Оның 24 жастағы Адриан Освальдо Сура Рейес екендігі анықталды, оған АҚШ қылмыстық заңнамасының екі бабы бойынша кісі өлтірді деген айып тағылды.

Полиция адамдарды қағып кету себептерін және оның Нескопекте әйелді өлтіру оқиғасына байланысын зерттейді.


Видеодан алынған кадр




Соңғы жаңалықтар