Пенчак Силат қауымдастығының өкілдері #БізБіргеміз челленджіне қатысты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстан Республикасының Пенчак Силат қауымдастығы #БізБіргеміз челленджіне қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Пенчак Силат қауымдастығының өкілдері 25, 26 қаңтарда Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай қалаларындағы қарды тазалау жұмыстарына көмектесіп, республика бойынша басталған челленджді қолдады.



Еске салсақ, бұған дейін біз елордада «Біз біргеміз» челленджі басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Жастар тұрғындарды ауласындағы қарды тазалап, оны бейнежазбаға жазып, #Бізбіргеміз хештегімен әлеуметтік желіге салуға шақырады.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бастамасына қолдау білдірді.

«Белгілі артист Тұрсынбек Қабатовтың астанамыздың аулаларын қардан тазартып, #БізБіргеміз хештегімен видео жариялау туралы ұсынысын қолдаймын. Волонтер жылына сай бастама», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар