Пеле үшінші рет үйленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аты аңызға айналған 75 жастағы бразилиялық футболшы Пеле үшінші рет шаңырақ көтерді. Оның жұбайы - 50 жастағы бразилиялық кәсіпкер әйел, тегі жапон Марсия Сибели Аоки, деп хабарлайды ТАСС.

Жұбайлар 1980 жылдары танысқан, бірақ жолдары екіге айырылған. Пеле мен Аоки 2010 жылы Сан-Паулудағы көпқабатты үйдің лифтінде кездейсоқ кездесіп қалып, содан бері ажыраған жоқ.

Салтанатты шара Сан-Паулу штатындағы Гуаружа елді мекенінде, жағалауда өтеді. 

Соңғы жаңалықтар