+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Педофилды әшкерелеген Матай мектебінің психологы марапатталды

2019 жылғы 12 желтоқсан 11:24
Бөлісіңіз:
Педофилды әшкерелеген Матай мектебінің психологы марапатталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов жасөспірімдерге зорлық көрсету фактісін анықтап, кінәлінің жазаға тартылуына мұрындық болған, ең бастысы жәбір көрген жасөспірімге дер кезінде психологиялық көмек көрсетіп, жарқын өмірге бет бұрғызған Матай орта мектебінің психологы Ажар Дүйсенбекованы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Ажар Дүйсенбекова жайлы блогер Жанна Ахметованың Facebook парақшасынан білгенін айтты. Оқиғадан бері біраз уақыт өткенімен, бұл психологты кәсібилігі үшін марапаттауға кедергі емес екенін де жеткізді.

«Бүгінгі күні әрбір педагог, әрбір психолог осылай жұмыс істеуі керек. Балалар суицидінің алдын алып, қиын жағдайда оларға кәсіби маман ретінде көмектесе білдің. Қазіргі кезде суицид неге өсіп кетті? Қиын жағдайға тап болғанда жасөспірімдер тұйыққа тіреліп, жарқын өмірге шығатын жол таппай қалады. Айналасында адам толып жүрсе де, проблемасымен жалғыз өзі бетпе-бет келеді. Сондай кездерде баланың көңіл күйін байқап, әңгімелесіп, тығырықтан шығатын жол көрсету – отбасында әрқайсымыздың міндетіміз, ал мектепте мұғалімнің жауапкершілігінде. Сол жауапкершілікті үлкен абыроймен атқардың. Сенің осы кәсіби біліктілігің барлық педагогтарға үлгі болуы керек», - деп ризашылығын білдірген облыс әкімі А. Баталов Ажар Дүйсенбековаға Құрмет грамотасын ұсынып, ноутбук сыйға тартты.

Ажар да өз кезегінде облыс басшысына алғысын білдірді.

«Менің орнымда болса, кез келген психолог осылай жасайды деп ойлаймын. Мен бір ерекше іс жасадым демеймін, тек өзімнің кәсіби міндетімді орындадым. Әрбір бала мейірім мен махаббатқа бөленіп өсуі керек, балаға зорлық жасауға ешкімнің де хақы жоқ. Сондықтан біз әрбір баланың тағдырына жауаптымыз. Мені елеп-ескеріп шақырғаныңызға, марапаттап жатқаныңызға шын жүректен алғыс айтамын», - деді А. Дүйсенбекова.

Атап өтсек, Ажар Дүйсенбекова 11 жылдан бері Матай орта мектебінде психолог болып жұмыс істейді. Отбасында үш ұл тәрбиелеп отырған бақытты ана. 2018 жылы екі бірдей жасөспірім қыздың тағдырына араша түсіп, жәбір көрсетушінің заңға сәйкес жазасын алуына, ал қыздардың жаңа өмір бастауына маман ретінде атсалысқан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы облысы, Білім, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT