Педофилдің құрбаны болған бес жасар қыз емханадан шығарылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Сәтпаев қаласында педофилден зорлық көрген бес жасар қызға бірнеше операция жасалғаннан кейін, ол үйіне шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыстық емхананың дәрігерлеріне алғыс айтамын. Олар қолдан келгеннің барлығын жасады», - деді Қарағанды облысы бойынша «Атамекен» іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Әлия Садырбаева.

Қызды туған қаласы Сәтпаевқа алып кетті. Оған ол жақта кәсіби психологтар көмек беруді жалғастырады.

Айта кетейік, 23 шілде күні 40 жастағы Сәтбаев тұрғыны 5 жастағы қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған болатын.  Сол күні полиция қызметкерлері 50 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, оның жатын бөлмесінен 5 жастағы бүлдіршін табылды. Тергеу барысында педофил бүлдіршін қызға зорлық көрсету үшін оны алдағанын мойындады. Ол өз кінәсін мойындағаннан кейін тергеуші құжаттарын алып кабинеттен шығып кетеді.

Сол кезде бөлмеде күдіктімен бірге қалған сержант лауазымындағы қарауылдардың бірі өзін ұстай алмай күдіктіні соққыға жыққан. 

 

Соңғы жаңалықтар