Педофилді соққыға жыққан қарауыл қызметінен қуылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысына қарасты Сәтбаев қалалық ішкі істер органының тергеуші кабинетінде 5 жасар бүлдіршінге жыныстық сипаттағы зорлық көрсеткенін мойындаған педофилді соққыға жыққан қарауыл қызметінен қуылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тергеу барысындағы бейнематериалда педофил бүлдіршін қызға зорлық көрсету үшін оны алдағандығын мойындайды. Ол өз кінәсін мойындағаннан кейін тергеу амалдары аяқталып, тергеуші құжаттарын алып каибеттені шығып кетеді. Ал бөлмеде күдіктімен бірге қалған сержант лауазымындағы қарауылдардың бірі өзін ұстай алмай күдіктіні соққыға жығады.

Осыдан кейін Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы өкілеттігін асыра пайдаланған қарауылды қызметтен босату туралы тапсырма береді.

«Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін тергеуші бөлмеден шығып кетті. Қарауылдардың бірі қол жұмсады. Полиция сержантына қатысты Қылмыстық кодекстің «Билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану» 362-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ол ішкі істер органдарынан шығарылып, тұтқынға алынды», - деді өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Сонымен қатар қарауыл қызметінің тікелей басшылығы да ұжымдағы тәртіптің нашарлығы деген желеумен тәртіптік жазаға тартылған. Мұнан бөлек, қарауыл тарабынан мұндай әрекетке жол берген тергеуші де тергеу амалдарынан шеттетіліп отыр. Сол себепті бұл іс басқа тергеушіге табысталды. Ал күдікті медициналық көмекке мұқтаж емес.

Қарағандыдағы ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі зардап шеккен қыздың туысынан пікір алып үлгерді. Ол полиция қызметкерінің дұрыс әрекетке барғанын айтуда.

«Ол адам күдікті болғанымен оның кінәсі дәлелденіп отыр. Баланы зорлағанын өзі де мойындаған. Тіпті, ол істеген ісіне өкінеді де. Қорқып қалған, жылап отырған қызды полициейлер бөлмелердің бірінен тауып алған. Мұндай сұмырайларды енді қалғаны бәлсіндіру ме? Ол баланың өміріне балта шауып отыр. Мұндай санаттағы қылмыстарға қашан қатаң жаза болмақ?», - деді туысы.

Соңғы жаңалықтар