Педофилдерді өтірік порносайттар арқылы ұстауға болады - Бас прокуратура

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас прокуратура педофилдерді құрықтау мақсатында ғаламтордың мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануды ұсынып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Мәселен, осыдан үш жыл бұрын АҚШ-та екі-ақ аптаның ішінде федералдық тергеу агенттігі арнайы порно сайт арқылы 5 000-ға жуық қылмыскерді ұстады. Норвегияда сайттардың басым бөлігінде қызыл бастырма бар. Ғаламторда отырған балаға біреу сөз айтып, сексуалдық сипаттағы әрекет жасаса, бала бірден сол бастырманы басып, қылмыстық тергеу қызметінің парақшасына көше алады. Сол жерде арыз-шағым қалдыруға болады", - дейді Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко.

Оның айтуынша, Қазақстанда әлемдік тәжірибені пайдаланып, өтірік порносайттар арқылы педофилдерді құрықтауға әбден болады. Оған қыруар қаржының қажеті де жоқ.

Соңғы жаңалықтар