Педагогтің цифрлық сауаттылығы жоғары болу керек – министр

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Педагогтің цифрлық сауаттылығы жоғары болу керек. Мұндай пікірді Алматыда өткен ұстаздар форумында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, пандемия кезінде білім саласында цифрлық технология еніп, халық арасында алдағы уақытта мұғалімдер қызметі керек болмай қалады деген пікір қалыптасқан еді.

«Қоғамда мұғалімдердің рөлі зор. Ол солай болып қала береді. Алайда, педагогтердің цифрлық сауаттылығы жоғары болу керек. Алматыда цифрлық технологияларды оқыту мен меңгеруді және цифрлық педагогиканың үздік әдістері тәжірибесін үйрететін «Digital Ustaz Almaty» атты жаңа байқау пайда болды. Мұғалімдер қазіргі коммуникация құралдарын (әлеуметтік желілер, мессенджерлер) қолдана білуі мен дағдысы, цифрлық ортада қарым-қатынас жасау этикасы мен нормаларын білуі керек».- деді Асхат Аймағамбетов.

Соңғы жаңалықтар