Педагогтардың жалақысы 1 жылда 27 пайызға өсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың екінші тоқсанында еліміздің білім саласында 528,4 мың адам еңбек етті. Бұл 1 жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,5 пайызға жоғары. Өткен жылдың дәл осындай кезеңінде секторда 515,5 мың адам еңбек еткен болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ranking.kz мәліметінше, өңірлер арасында білім беру саласында еңбек ететін ең көп педагог Алматы облысында тіркелген: 68,3 мың адам. Үздік үштікке Алматы қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы да кіреді. Ал Атырау облысында білім беру саласында 14,2 мың адам ғана жұмыс істейді. 2021 жылдың екінші тоқсанында білім беру саласы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы 233,9 мың теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғы жалақыдан 26,8 пайызға жоғары.

Елімізде мектепке дейінгі білім саласы қызметкерлерінің орташа жалақысы 116,4 мың (өсім 20,1 пайыз), бастауыш білімде 193,4 мың (11,2 пайыз), орта білімде 273,7 мың (19 пайыз), жоғары білімде 251,7 мың (12,2 пайыз) теңгені құрады.

Өңірлер арасында елорда педагогтары ең жоғары жалақы алады. Олардың жалақысы бір жылдың ішінде 17,6 пайызға артып, 350,8 мың теңгеге жетті. Екінші және үшінші орынға Маңғыстау облысы (268 мың) мен Алматы қаласы (265,5 мың) орналасқан. Ал Батыс Қазақстан облысы педагогтарының жалақысы бір жылда 31,6 пайызға өскенімен, басқа өңірлермен салыстырғанда ең төмен: 200,7 мың теңге. Қазақстанның 17 өңірінің тек 5 еуінде ғана қызметкерлердің жалақысы еліміз бойынша орташадан асып түсті.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 2020 жылдың қаңтарында балабақшалар, мектептер мен колледждер педагогтарының жалақысы тағы 25 пайызға артатын болады. Сонымен қатар осы жылдың қыркүйегінен бастап педагогтарды жұмысқа қабылдау жүйесі өзгертіліп, білім беру ұйымдарының директорларын тағайындаудың жаңа жүйесі енгізіледі.


Соңғы жаңалықтар