Педагогтардың біліктілігін арттыру кезеңіне қатысты қандай өзгеріс болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына қандай қолдау жасалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгідей ақпарат заманында білімнің мазмұны жылдам өзгеретінін ескере отырып, педагогтардың біліктілігін арттыру кезеңі 5 жылдан 3 жылға ауыстырылады», - деді Ералы Тоғжанов Үкіметтегі онлайн баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жоғары оқу орындарына конкурссыз гранттар берілетінін айтты.

«Бұл шешім талантты жастарды жалпы қолдауға бағытталған, олардың елімізде тегін жоғары білім алуына жол ашады. Сондай-ақ халықаралық олипиадалардың жеңімпаздарына, олардың педагогтары мен тәлімгерлеріне біржолғы ақшалай сыйлықтар да тағайындалатын болады», - деді Е. Тоғжанов.


Соңғы жаңалықтар