Педагогтарды қолдауға қатысты барлық жұмыс жалғасады - министр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Педагогтарды сапалы дайындау үшін педагогикалық білім беру бағдарламаларын аккредиттеудің арнаулы стандарты қажет. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кәсіби дамудың үздіксіздігі қағидаты енгізіліп жатыр. 2023 жылдан бастап педагогтарымызды үш жылда бір рет тегін курстан өткіземіз. Мамандыққа мектептердің ең табысты, үздік түлектері келе бастады. Мектептерді үздік бітірген түлектердің үлесі бірнеше есе өсті. Президенттің тапсырмасымен кейбір өңірегі мұғалім тапшылығы мәселесін шешу үшін осы жылы ғана өте жақсы жобаны іске қостық. Осы жобаның операторы саналатын Назарбаев зияткерлік мектептерін белсенді жұмылдырдық. Арнайы жоба арқылы педагогикалық кадрлардың тапшылығы байқалатын өңірлерімізді үздік педагогтармен қамтамасыз етік және олар басқа жалақы алады. Атап айтқанда, оларға басқа педагогтарға қарағанда 2,5 есе көп жалақы төленеді. Меніңше, бұл бағдарлама шалғайдағы елді мекендерде және белгілі бір аймақтарда мұғалімдердің тапшылығына байланысты мәселені шешуге мүмкіндік береді», - деді министр ТМД-ға мүше елдер мұғалімдері мен басқа да білім беру қызметкерлерінің VII съезінде.

Асхат Аймағамбетов Қазақстан Президенті өз Жолдауында министрлік алдына қосымша тапсырма бергеніне де тоқталды.

«Нақтырақ айтқанда, педагогтардың кәсіптік стандартын, педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредиттеудің бірыңғай стандартын қабылдауымыз, тәрбиешілердің жалақысын айтарлықтай арттырып, оларға жүктемені төмендетуміз қажет. Яғни, педагогтерді қолдауға қатысты барлық жұмыс жалғаса береді. Педагогтарды сапалы дайындау үшін педагогикалық білім беру бағдарламаларын аккредиттеудің арнаулы стандарты қажет», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар