+7 (701) 759 90 19
USD 421.98 EUR 511.61
RUB 5.61 CNY 65.27
Jańalyqtar

Педагогтарды дайындау ісіне әлі көңіліміз толмайды - Білім министрі

2020 жылғы 2 желтоқсан 12:25
Бөлісіңіз:
Педагогтарды дайындау ісіне әлі көңіліміз толмайды - Білім министрі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарының басшыларына педагогтарды дайындауда қосымша ұсыныстарды енгізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Педагогтарды дайындау проблемасы өзекті екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Шыны керек, әлі де көңіліміз толмайды. «Мектептер университеттерге қарағанда бағдарламаларын өзгертіп, университеттер соған үлгермей жатыр» деп, біздің мектептеріміз, білім басқармаларының өздері айтып отыр. Онымен келісуге немесе келіспеуге болады. Бірақ проблема бар екені анық. Оны министрлікке қарап отырмай, университеттердің өздері реттеуі тиіс. Дербестік керек деді – берілді. Бағдарламаларды өзгертуге болады. Бірақ сол дербестікті қажетті деңгейде қолданып, бағдарламаларды өзгертіп, мектепке керекті және заманға сай мамандарды шығару мәселесі өте өзекті», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында.

Министр әйтсе де кейбір жоғары оқу орындарының тәжірибесіне оң көзқарасын білдірді.

«Бірақ негізінде оқу-әдістемелік бірлестіктің ең басты мақсаты – барлық мамандық бойынша дайындап жатқан ЖОО-лардың жұмысын үйлестіру. Кәсіптік стандартты дайындау керек. Жалпы білім бағдарламаларын жаңартып, жүйелі түрде өзгерістерді енгізу керек. Біріншіден осы жұмысты жалғастыруды тапсырамын. Екіншіден, күні кеше ғана мен әріптестерімізбен, декандармен, кафедра меңгерушілерімен, қарапайым оқытушылармен педагогикалық білімді дамыту бойынша кездестім. Сонда біз емін-еркін екі сағаттай осы мәселелерді талқыладық. Сонда да осы мәселелер көтерілді. Қажет болса оқу әдістемелік бірлестіктің әртүрлі бағыттары бойынша үйлестіру құқығын мүмкін басқа университеттерге де беретіндей қарастырып, тиісті ұсыныстарды енгізіңіздер», - деп түйді Асхат Аймағамбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT