«Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасы Парламентке қашан жолданады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасының Парламентке қашан жолданатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасын әзірлеу жұмысы қалай жүргізіледі? Заң жобасын әзірлеуде педагогтардың қазіргі мәртебесін кең ауқымда зерттей отырып, талқыға мұғалімдер мен сарапшыларды шақыру жоспарларыңызда бар ма? Заң жобасын Парламентке қашан жолдайсыздар?», - деп сұрақ қояды «Ашық үкімет» порталында Жазира Тоғанбаева есімді тұрғын Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке.

Бұл сұраққа жауап берген Білім және ғылым министі Ерлан Сағадиев аталмыш заң жобасын әзірлеу мақсатында жұмыс тобы құрылып қойғанын жария етті. Министрдің айтуына қарағанда, жұмыс тобына ғалымдар, мұғалімдер, заңгерлер, депутаттар мен кәсіподақ көшбасшылары енген.

«Жұмыс тобы тұжырымдаманы әзірлеп, заң жобасының құрылымы мен мазмұнын айқындады. ҚР БҒМ сайтында және «Білімді ел» - «Образованная страна» газеттерінің беттерінде «Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасын талқылау» атты бөлім ашылды. Қазіргі таңда заң жобасының тұжырымдамасы қоғамдық талқылау үшін ашық нормативті құқықтың құжаттардың интернет-порталдарында, министрліктің сайтында жарияланып, бір шешімге келу үшін жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдарға жолданды», - деп жауап береді Ерлан Сағадиев.

Министрдің хабарлауынша, заң жобасының тұжырымдамасы сарапшылық қорытынды алу үшін аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қауымдастықтарына және ұлттық кәсіпкерлік палатаға да жіберілген.

«Мемлекет басшысының Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру және Жалпыұлттық жоспарға сәйкес, заң жобасы ҚР Парламентіне 2019 жылдың наурыз айында жолданады», - дейді Ерлан Сағадиев.

Соңғы жаңалықтар