Педагогикалық шеберлік орталығы әлемнің үздік ТОП-10 жоба қатарына кірді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Педагогикалық шеберлік орталығы мұғалімдердің жұмыс тиімділігін арттыруда әлемдік үздік жобалардың ТОП-10-дығына кірді. Бұл жайында Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта «Өрлеу» ұлттық біліктілік арттыру орталығы» АҚ пен «Назарбаев зияткерлік мектептері» автономды білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы ACQUIN халықаралық институционалды аккредитациядан өтіп жатыр. Бұған қоса, Педагогикалық шеберлік орталығы мұғалімдердің жұмыс тиімділігін арттыру жөніндегі UNESCO-Hamdan-2020 әлемдік үздік жобалардың ТОП-10-дығына кірді», - деп атап өтеді Әлихан Смайылов жауабында.

Оның атап өтуінше, педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының бағдарлама мазмұны пәндік, психологиялық-педагогикалық , әлеуметтік, цифрлық және өзге де құзіреттерінің оңтайлы өзара қатынасын қамтиды.

Олар педагогке «Педагог» кәсіптік стандарттарына сай барлық педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажет.

«Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді аттестаттау мәселесі бойынша мақсатты жұмыс жүргізеді. Ғылым және жоғары білім министрлігімен ұлттық біліктілік тестерін сарапшы-әзірлеушілердің сапалы әлеуетін күшейту бойынша іс-шаралар қабылдап жатыр», - деп атап өтеді Үкімет басшысы.


Соңғы жаңалықтар