+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Педагогикалық мамандықты таңдайтын түлектер саны артып келеді – Білім министрі

2020 жылғы 19 қыркүйек 13:32
Бөлісіңіз:
Педагогикалық мамандықты таңдайтын түлектер саны артып келеді – Білім министрі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде мектеп бітірген түлектердің арасында педагогика мамандығын таңдаушы түлектердің саны артқан. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Эразмус+ және Темпус жобалары біздің білім беру жүйемізді өзгертті – Шайзада Тасболатова Өзбекстанда үш жылда 48 жаңа университет ашылды Еліміздегі білім сапасы еуропалық стандарттармен сәйкес келеді – ҚР БҒМ

«Өздеріңіз білетіндей Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес педагогтардың мәртебесі туралы заң қабылданды. Заңға қатысты сын пікірлер де көп болды. Дегенмен заң аясындағы жұмыстар басталып кетті. Атап айтсақ, биылғы ҰБТ (Ұлттық бірыңғай тестілеу) нәтижесінде педагогика мамандығын таңдаған түлектердің саны артып отыр. Сол сияқты педагог мамандықтары бойынша ҰБТ нәтижесінің орташа көрсеткіші өсті. Бұған дейін педагог мамандықтарына 50 балмен түсу мүмкін болса, биыл ол көрсеткіш 70 балды құрап отыр. Сондай-ақ, мектепті Алтын белгімен бітіріп, ұстаздық мамандықты таңдаған түлектердің де үлесі 2 есеге өсті. Бұл дегеніміз педагогика мамандығына деген қызығушылық пен сұраныстың барын көрсетеді», - деді Асхат Аймағамбетов Президенттік жастар кадрлық резерві мүшелерімен кездесу барысында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай бүгін ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелерімен кездесті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT