Педагог мамандығын таңдаған «Алтын белгі» иегерлері екі есеге артқан

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Педагог мамандығын таңдаған «Алтын белгі» иегерлері екі есеге жуық ұлғайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Былтырдан бастап педагогикалық кадрларды дайындауды арттыру мақсатында жоғары оқу орындарына қабылдау талаптарын да күшейттік. Осы педагогикалық мамандыққа мықты түлектерді ғана қабылдау үшін Ұлттық бірыңғай тестілеудің бұған дейінгі шекті балы 50 болса, қазір оны 75 балға дейін көтердік. Ал осы мамандыққа түсуді ынталандыру үшін болашақ педагогтардың шәкіртақысы жоғарылады, қазір ол 42 мың теңге», - деді А. Аймағамбетов.

Осы орайда ол бұл қадамдар оң нәтиже беріп жатқанын атап өтті.

«Педагог мамандығын таңдаған «Алтын белгі» иегерлері екі есеге жуық ұлғайды. Осы мамандыққа түсушілердің орташа балы 90-ға дейін жетті. Бұл мұғалім мамандығына мықты кадрлардың келуін қамтамасыз етеді. Осы реформаның оң нәтижесін көріп отырмыз және бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыру керек», - деді ведомство басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, министр педагогтарды тән емес қызметтерге әрі көзделмеген есептерге тартудан босату шаралары қабылданғанын айтты.



Соңғы жаңалықтар