+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Педагог-кітапханашылар болады - Ғани Бейсенбаев

2020 жылғы 27 қазан 13:04
Бөлісіңіз:
Педагог-кітапханашылар болады - Ғани Бейсенбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мектеп кітапханашыларының әлеуетін көтеруге ерекше мән беріледі. Бұл туралы ҚР БҒМ «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғани Бейсенбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада лингвистерді даярлау мәселесі талқыланды Атбасарда 140 орындық балабақша пайдалануға берілді – Ақмола облысы ШҚО-да Тұңғыш Президент күніне орай оқушылар арасында Бірыңғай диктант күні өтті

«Атқарылып жатқан жұмыстар кадрлық әлеуетті көтеруге негізделген. Бұл бағытта бірінші кезекте мектеп кітапханашысын педагог-кітапханашы деген атаумен өзгерту ұсынылып отыр. Ол бағытта Білім министрлігінің 123-ші бұйрығына өзгерістер енгізу жұмысы басталды. Сонымен қатар, мектеп кітапханашыларының біліктілігін көтеру бағытында жұмыстар іске асырылуда. Бұл орайда Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана тиісті шараларды жүзеге асыруда», - деді Ғ. Бейсенбаев Білім министрлігінің аппарат жиналысында.

Оның сөзіне қарағанда, мектеп кітапханашысының әлеуетін көтеру тұрғысында жаңа онлайн оқыту, білім жүйелерін енгізу ескерілген.

«Кітапханалардың әлеуетін қарап шықтық, олардың жағдайы сын көтермейтіндігі көрініп тұр. Осы орайда тек көркем әдебиеттерді ғана қамтып қоймай, мектептегі кітапхананалардың материалдық-техникалық базасын күшейту мәселесін де жол картасына енгіздік», - деді орталық басшысы.

Айта кетейік, аппарат жиналысында мектеп кітапханасына қажетті көркем әдебиеттердің тізімі құрылып жатқаны баяндалды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4-отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайтынын айтқан еді.

«Тағы бір маңызды міндет - мектеп кітапханаларының кітап қорын жаңалау және толықтыру. Қазір бұл кітапханалардың қоры ескірген әрі жұтаң. Әсіресе, көркем туындылар мен тартымды әдебиеттер тапшы. Қазақ тіліндегі тиісті әдебиеттер өте аз немесе мүлдем жоқ», - деді Мемлекет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT