Валюта бағамдары:
    usd/kzt 477.98 eur/kzt 488.93

    rub/kzt 7.93 cny/kzt 70.82
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Пайдаланылмайтын аңшылық алқаптарды мемлекетке қайтаруды реттеу керек - Сенат

2022 жылғы 23 маусым 15:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенаттың жалпы отырысында депутат Жанболат Жөргенбаев Алматы және Жетісу облыстарындағы жердің тиімді игерілмеуі мен жайылым тапшылығы мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенатордың келтірген деректеріне қарағанда, аталған өңірлерде жайылымдардың басым бөлігі аңшылық шаруашылықтарға беріліп кеткен. Аталған аймақтардың аумағында 132 аңшылық алқап бар, олардың жерінің жалпы көлемі 5 млн гектарды құрайды. Сонымен қатар, өңірде жайылымдық жерлердің тапшылығы да байқалып отыр. Дәл осы кезде малшылардың өз малдарын жаятын жері жоқ.

«Қолданыстағы заңдарға сәйкес, аңшылық алқаптар 10-49 жылға дейін аңшылық шаруашылықтарға уақытша жер пайдалану құқығымен беріледі. Бұл ретте, осындай алқаптарды пайдаланбағаны үшін мемлекетке қайтарып алу мүмкін болмай отыр. Себебі осы мәселе тиісті заңнамаларда реттелмеген», - деді сенатор Жанболат Жөргенбаев Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.

Депутат сонымен қатар кейбір аң аулау шаруашылықтары жеке адамдардың немесе шағын топтардың мүддесі үшін ғана пайдаланылатынын, сондықтан мұндай аң аулау серуендерінің үлкен әлеуметтік және экономикалық маңызы жоқ екенін атап өтті. Әсіресе, мал жаюға арналған жайылымдар тапшы болып отырған кезде оның қисыны да жоқ.

Жанболат Жоргенбаев осыған байланысты игерілмеген немесе пайдаланылмайтын жерлерді тексеріп, түгендеуді, сондай-ақ аң аулауға арналған жерлерді бекіту кезінде жергілікті халықтың мал жаю немесе шөп шабу мәселелерін ескеруді сұрады.

Сенатор аңшылық шаруашылықтары аумағындағы су көздерін тазарту және аумақты өрттен қорғауды мәселелерін де көтерді.


Автор:

Руслан Ғаббасов

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар