Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.01 eur/kzt 490.15

    rub/kzt 7.81 cny/kzt 70.64
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Пайдаланылмай жатқан коммерциялық мақсаттағы жерлер мемлекетке қайтарылып жатыр

2022 жылғы 25 мамыр 14:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пайдаланылмай жатқан 200 гектар коммерциялық мақсаттағы жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, жергілікті әкімдіктер 2019-2021 жылдар аралығында коммерциялық мақсаттарға берілгенімен әлі күнге пайдаланылмай жатқан жалпы алаңы 5,2 мың гектарды құрайтын 3,5 мың учаскені анықтаған.

«Жер инспекторлары ден қою шараларын қабылдағаннан кейін жалпы алаңы 1,6 мың гектарды құрайтын 1,2 мың учаскенің иелері жерін пайдалануға кірісті. Жалпы алаңы 210 гектарды құрайтын 320 учаске мемлекетке қайтарылды. Ал жалпы алаңы 3,4 мың гектар болатын 2 мың учаскені мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді Әбілхайыр Тамабек орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.


Автор:

Марлан Жиембай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары