Пайдаланбай жатқан жердің салығын 10 есе арттырамыз - Н.Әбдібеков

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының кейбір өңірлерінде ауыл шаруашылығына арналған, бірақ пайдаланбай жатқан жерлердің салығын 10 есеге арттырады. Осылайша, облыс бос жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің аумағын азайтпақ. Бұл туралы аймақтық орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков мәлім етті.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында жер қатынастар саласына ерекше көңіл аударылады. 2016 жылдың басынан бері жер қорын пайдалану үшін 210,9 мың гектар жер қоры айналымға енгізілді. Ақтоғай, Бұқар жырау, Нұра, Қарқаралы аудандары мен Теміртау және Жезқазған қалаларында ауыл шаруашылығына арналған, бірақ, пайдаланбай жатқан жерлердің салығы 10 есеге көбейді», - деп хабарлады облыс әкімі.

Сондай-ақ, Н.Әбдібеков мәлім еткендей, 290 мың гектар аумақты алып жатқан 370 жер учаскесі аукционға түседі. Дайындық шаралары үшін 25,4 млн теңге бөлінген. Жерлер осы жылдың шілдесінен бастап сатыла бастайды.

«Бүгінгі таңда 5 жер игеруші ауыл шаруашылығы мақсатындағы арендалық жерлерді жекеменшікке алу туралы өтініш берді», - деп хабарлады әкім.

Соңғы жаңалықтар