Пайдакүнемдер үшін майшелпекке айналған: Президент «Алтын орда» базарында тәртіп орнатуды тапсырды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі базарлардың жұмысын заң аясында реттеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сауда-саттықтағы тиімсіз делдалдыққа тоқтау салатын кез келді. Мысалы, 3 млн адам тұратын Алматы қаласы мен оның төңірегіндегі елді мекен тұрғындары тұтыну тауарларын көбіне «Алтын орда» базарынан алады. Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдеріне Үкіметпен бірлесіп, базарда тәртіп орнатуды тапсырамын. Бұл жер пайдакүнемдер үшін нағыз майшелпекке айналған. Бұған Аламтыдағы қаңтар оқииғасы кезінде анық көз жеткіздік», -деді Мемлекет басшысы.

Ол бұл іске қажет болған жағдайда құқық қорғау орындарын араластыруға болатынын айтты.

«Бұл басқа өңірлерге де қатысты мәселе. Қажет болса, осы жұмысқа құқық қорғау органдары атсалыссын», - деген Президент аталмыш мәселені реттеуге екі ай уақыт берілетінін ескертті.


Соңғы жаңалықтар