+7 (701) 759 90 19
USD 376.43 EUR 407.11
RUB 5.76 CNY 53.55
Jańalyqtar

Павлодарлықтардың алимент берешегі 200 млн теңгеден асып кетті

2020 жылғы 25 қаңтар 05:26
Бөлісіңіз:
Павлодарлықтардың алимент берешегі 200 млн теңгеден асып кетті

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының сот орындаушыларының өндірісінде алимент бойынша 12 мың іс бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да алимент төлемеген 40-қа жуық адам қамауға алынған Проблемалық алименттер саны қаншаға азайды Балаларына 1 млн теңге алимент төлеуден жалтарған келіншек жазаға тартылды

Сот орындаушыларының айтуынша, ата-анасының бірінен алимент өндіріп алу ұзаққа созылуы мүмкін. Олардың көпшілігі өздерінің нақты табысын жасыруға тырысады, ал кейде қолда бар мүліктен тез құтылуға асығады.

«Алимент төлеуден жалтарған жағдайда жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салынады. Қазір біз 29 миллион теңгеге 79 автокөлікті айып тұрағына қоюды жүргізудеміз. Соның арқасында 14 өндіріс бойынша 11 миллион теңге қарыз өтелді. Төлемдерді өз еркімен жасайтын адамдар бар, бірақ қиындық туғызып отырғандар да жоқ емес. Олар мерзімдерді бұзып қана қоймайды, мүлде төлемейді. Мұндай адамдар саны 600-ге жуық, 223 борышкер ізделуде. 162 адамға қатысты әкімшілік жауапкершілік қолданылды, оның ішінде 23 адамға айыппұл салынды, ал 104 адам қамауға алынды», - дейді Павлодар облысы әділет департаменті басшысының орынбасары Азамат Айнабеков.

Әдетте ата-анасынан ай сайын балалардың санына байланысты сома алынады. Мысалы, бір балаға – жалақының төрттен бір бөлігі, екіншіге – үштен бір бөлігі, үшінші және одан да көп балаға – жартысы.

Айта кету керек, сома мөлшері ұлғаю немесе азаю мүмкін. Барлығы борышкердің материалдық және отбасылық жағдайына байланысты. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, көптеген адамдар тұрақты табысының болмауына байланысты алимент төлей алмайды. Осы мақсатта аймақтық әділет ведомствосы прокуратура органдарымен бірлесіп, олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетіп отыр.

Барлығы 190-ға жуық борышкер жұмысқа орналастырылды.

«Әдетте, алименттер жалақыдан және өзге де кірістерден төленуі мүмкін. Борышкердің асыраушысынан айырылуына байланысты алатын жәрдемақысы, қызметтік міндеттерін орындау кезінде жарақат алғаны үшін төленетін біржолғы төлемдер және тағы басқалары алуға жатпайды», - деді Азамат Айнабеков.

Полиция органдарына ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша 325 ұсыныс енгізілді. Оның 103-і бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды, 136 материал пысықтауға қайтарылды, 38-і қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, ал 48-і қаралуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Павлодар облысы, Сот,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT