Павлодарлықтар ыстық су фонтандары туралы ескертілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар жылу желілерінде гидравликалық сынақтардың екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

«109» қызметінің мәліметінше, қаланың Оңтүстік желі ауданында жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін 1-6 тамыз аралығында гидравликалық сынақтар қайта басталды. Осындай сынақтар 6-13 тамыз күндері Солтүстік желі аймағында жүргізіледі.

«Тестілеу кезеңінде құбырларға жоғары қысым жіберіледі, сондықтан жылу магистралінде құбырлар жарылуы (ыстық су фонтаны) болуы ықтимал. Сынақтарды қайта жүргізу кезінде анықталған зақымдарды «Павлодар жылу желілері» ЖШС мен Павлодар қаласының әкімдігі бірлесіп жойып отыратын болады», - делінген хабарламада.

Коммуналдық қызмет павлодарлықтардан сабыр сақтап, үрейге салынбауын сұрайды.


Фото: @109.pavlodar






Соңғы жаңалықтар