Павлодарлықтар үшін «Отбасылық Weekend» ұйымдастырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Балаларды қорғау күніне орай Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі 2018 жылдың 2 және 3 маусым күндері «Зеленая роща денсаулық ауданында» «Отбасылық Weekend» шарасын өткізеді, деп хабарлайды pavlodarnews.

Спорттық бұқаралық іс-шара «Қазақстанның мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалы қолдауымен өтеді.

«Сағат 12.00-ден 18.00-ге дейін өтетін шарада балаларға арналған тегін велосипедтер мен роликті конькилер беріледі. Қала тұрғындары үшін пикниктер, сауда нүктелері жұмыс істейтін болады. Қатысушылар концерт көріп, спортшылардың демонстрациялық көрсетілімдерін тамашалай алады», - делінген қала әкімінің баспасөз хабарламасында.

Сонымен қоса, аквагриммен бояу, ойындар мен анимациялық кескіндемелер болады. «Тор Star» фитнесс клубы барлық адамдарға ашық түрде әр-түрлі салалар бойынша шеберлік сағаттарын өткізеді. Айта кетейік, бұл күндері кез-келген адам сегіз спорт түрінен жарысқа қатыса алады. Олар: жеңіл атлетика, стритбол, сақиналарды лақтыру, нысанаға тигізу, туризм, қызықты старттар, мас-рестлинг, дартс. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтар беріледі.

Соңғы жаңалықтар