Павлодарлықтар табысы аз отбасы балаларын мектепке дайындауға атсалысуда

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында «Баланы мектепке дайындаймыз» қайырымдылық шарасы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Павлодар облысында «Баланы мектепке дайындаймыз» атты республикалық қайырымдылық акциясы басталды. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында осы акцияны аясында өткізілген шарада табысы аз отбасы балаларына мектеп киімін алу үшін 25 мың теңге, кеңсе тауарларын алуға тағы да 5 мың теңгенің сертификаттары табыс етілді», - деп мәлімдеді партияның баспасөз қызметі.

null«Баланы мектепке дайындаймыз» акциясы Павлодар облысының барша қалалары мен аудандарында жүріп жатыр. Табысы аз отбасы балаларын жаңа оқу жылына дайындауға жан-жақты көмек көрсетілуде.

null«Шараны өткізуге түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары да атсалысып отыр. Бүкіл облыста 170-тен астам балаға көмек көрсетілді», - дейді партия өкілдері.

Соңғы жаңалықтар