Павлодарлықтар республикалық педагогикалық бастамалар байқауынан жүлделі оралды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Алматы қаласында «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық байқауы өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар қаласы білім беру бөлімі мәлім етті.

«Байқауға Павлодар қаласы мектептерінің 13 педагогы облыс деңгейінде тәжірибе жинақтап, ұсынды. Жарыс әр түрлі пән салалары мен қосымша білім беруді біріктірген бес бағыт бойынша өтті. Біздің мұғалімдер екі 1-орын, бір 2-орын және екі фестиваль номинанттары жүлдесін жеңіп алды», - дейді білім беру бөлімінде.

«Психолог сандықшасы» бағытында №40 жалпы орта білім беру мектебінің психологы Қымбат Матай конкурс жеңімпазы атанды. Қолы шебер педагогтарға арналған жеке бағытта жеңімпаз №21 жалпы орта білім беру мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ольга Рауш болса, №40 жалпы орта білім беру мектебінің математика мұғалімі Алина Бастенова 2-орын иеленді.

Аталмыш бағытта №29 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айсана Сейтқалиева және №22 жалпы орта білім беру мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мейрамгүл Баядилова байқау номинанттары атанды.

Соңғы жаңалықтар