Павлодарлықтар Ресейдің Свердлов облысына ет пен жарма жеткізетін болды

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар, Омбы, Түмен облыстарының туристік фирмалары, сондай-ақ Свердлов облысына көкөніс, ет, жарма сатушылар Петропавл қаласында өткен шекаралық ынтымақтастық форумында әріптестік туралы меморандум жасасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Павлодарлық әріптестерімізбен меморандум жасалған соң, біз Павлодар облысы бойынша турлар ұйымдастырамыз. Бізді аймақтың басты көрікті жерлері мен емдеу-курорттық бағыты қызықтыруда. Павлодарлықтар мен түмендіктер арасында жасалған тағы бір келісім туризм, экскурсиялық және көрме-жәрмеңкелік жұмыста іскерлік байланыстарды нығайтуды көздеп отыр», - деп мәлімдеді Петропавлда өткен XV Қазақстан-Ресей шекаралық ынтымақтастық форумында Түмен қаласындағы «Континент» ЖШҚ өкілі Александр Омельченко.

Павлодар облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, павлодарлық туристік операторлар да Түмен облысындағы әріптестерімен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасқан. Барлық мәселелер бойынша толық өзара әрекеттестікті қарастыратын құжатқа павлодарлық «Роман Тур» компаниясының директоры Игорь Черных пен Түмендегі «Континент» ЖШҚ өкілі Александр Омельченко қол қойды.

«Нарықта 17 жылдан бері қызмет етіп келеміз, осы уақыт бойы түмендіктерді Қазақстанға жеткізіп жүрміз. Біздің басты бағыттарымыз - Ақмола облысындағы Бурабай мен Щучье, Астана қаласы мен Қарағанды облысы», - деді А.Омельченко.

Петропавлдағы форум кезінде Павлодар облысындағы тауар сату және қызмет көрсету орталығының басшысы Дмитрий Корепанов пен ресейлік «Pro» компаниялар тобының бас директоры да ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар павлодарлық өндірушілердің Свердлов облысына ауылшаруашылық өнімдерін жеткізетіні жөнінде келіскен.

«Көкөністердің алғашқы партиясы көп ұзамай жеткізіледі. Болашақта павлодарлықтар серіктестеріне ет пен жарманы жеткізе алады», - деп атап өтті Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар