Павлодарлықтар өрт кезінде қаза тапқан отбасының туыстарына көмек көрсетіп жатыр

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар тұрғындары өрт кезінде қаза тапқан жас әйел мен екі кішкентай баланың туыстарына қайырымдылық көмек жинап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін «Жас Отан» жастар қанатымен бірге олардың туыстарына барып, көңіл айттық және қандай көмек керек екенін сұрадық, - деді «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық бөлімінің саяси жұмыстар бөлімінің кеңесшісі Оразәлі Сәрсенов. - Ертең біз тасымалдауға, мешіттен әрі қарай жеткізуді ұйымдастыруға көмектесеміз, кейін бата түрінде көмек жинап жатырмыз».

Әйелі мен үш және жеті жастағы балаларынан айырылған Рамиль Әлиевке қала тұрғындары мен ұйымдары, мысалы «Мейірімділер клубы» көмек көрсетіп жатыр.

Құтқарушылардың айтуынша, тергеу органдары оқиғаның мән-жайын анықтауы керек.

Еске салайық, 12 маусымда Павлодар қаласында Потанин 20А мекенжайында жеке үйдің аумағында моншаға жапсарлас салынған жазғы асханадан өрт шыққан. Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттің алдын ала шығу себебі - асханадағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы, деп атап өтті ведомствода.  

Соңғы жаңалықтар