+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Павлодарлықтар құрылыс нысандарының тиімсіз жерге салынып жатқандығына шағымданды

2019 жылғы 22 қазан 23:21
Бөлісіңіз:
Павлодарлықтар құрылыс нысандарының тиімсіз жерге салынып жатқандығына шағымданды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласының алты бастамашыл тобының өкілдері құрылыс нысандарының тиімсіз жерде салынып жатқандығына шағымданды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Көкшетаудағы «сақалды» құрылысқа айналған оқыту-тәрбиелеу кешені келер жылы пайдалануға беріледі Ордабасы ауданында жолдардың сапасына мониторингтік бақылау жүргізілді Алматы жалпықалалық дизайн кодқа қашан өтеді
Сондай нысандардың бірі - Короленко көшесі, 4/1 мекенжайында бой көтеріп жатқан бизнес орталығы. Бүгін «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдаған облыс әкімі Болат Бақауов «Eggocom» ЖШС жобалық ұйымының өкілі Владимир Терешковты тыңдап, мәселені шешуге уәде берді. Өткен сенбі күні аймақ басшысы қаланы аралау кезінде даулы нысанның құрылысына барған. Осы нысан бойынша жобаны әзірлеген жобалау ұйымының өкілі Владимир Терешковтың айтуынша, тұрғындармен бірнеше рет кездесіп, байланысқа шығуға тырысқан. Тіпті, алаңды абаттандыру жобасын әзірлеуді ұсынған, өйткені тапсырыс беруші ауланы абаттандыруға, жарықтандыруға және сәулет нысанын қоюға дайын болған. Бірақ тұрғындар бас тартқан. - Бүгінгі күні барлық қажетті рұқсат беру құжаттары бар, - дейді Владимир Терешков. - 150 млн теңге қаржы жұмсалған ғимарат құрылысын жалғастыру үшін ешқандай кедергі көріп отырған жоқпын. Сәулетшімен келісілген жобадан бастап, мөр мен қол қойылған жер жұмыстарын жүргізуге рұқсатнама, су арнасы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық өкілдерінің рұқсат қағазы, яғни барлық мүдделі органдармен қажетті келісімдер бар. Жобалау ұйымының өкілі облыс әкімдігі мен облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы құрылыс жүргізуге мүмкіндік беретін талон құжатын бергенін айтады. Аталмыш нысан бойынша 2018 жылы тұрғындар тарапынан прокуратураға жер учаскесін бөлудің және осы құрылыстың заңдылығы туралы талдау мен мониторинг жүргізу туралы ұсыныс түскен. Сот талқылауының нәтижесі бойынша Жоғарғы соттың заңдылықты растау туралы қаулысы шыққан. Оған қоса, ұйым өкілі осы жылы ТЖ басқармасының мамандары тексеру жүргізгенін атап өтті. Тексеру барысында бұзушылықтың жоқтығы туралы акті шығарылған. - Біз үй аумағында құрылыстың салуына қарсымыз, - дейді бастамашыл топтың өкілі, Короленко көшесі, 4-ші үйдің тұрғыны Анжелика Васильева. - Қазір салынып жатқан ғимараттың әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Терезеден қарасақ, құрылыс өмірін байқаймыз, ал құрылысшылар біздің өмірімізді бақылап отырады. Өйткені терезелер арасында тек бес метр қашықтық бар. Тағы бір белсенді – Елена Берет ғимараттың арақашықтығы қабырғадан-қабырғаға дейін емес, бес қабатты балконнан ғимараттың кіреберісіне дейін деп есептейді. Бұл жағдайда қашықтық тек 3,5 метр болады, ал құрылыс нормалары мен ережелері бойынша 7 метр болуы тиіс. Алайда жобалаушы журналистерге ресми түрде ешқандай ереже мен ҚНжЕ бұзылмағанын және ғимараттар арасындағы қашықтық 7 метр екенін мәлімдеді. Ұйым өкілі 12 ағаштың орнына 60 ағаш отырғызатынын айтты және бүгінгі күні сегіз шырша егілген. Кәсіпкер бұл мақсатқа 180 мың теңге аударған. - Жобада бұталар мен ағаштар отырғызылатын іргелес аумақты одан әрі көгалдандыру қарастырылған, - дейді Владимир Терешков. - Сонымен қатар, біз қолданыстағы ғимараттың айналасындағы аумақты абаттандырудан басқа, №6, 4, 2 үйлердің іргелес аумағын да жақсартуды, шағын сәулет нысандары бар жаяу жүргіншілер аллеясын құруды, іргелес ғимараттардың қасбеттерін жөндеуді, жарықтандыруды және бояуды жоспарлап отырмын. Мен қаланың дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Адамдардың неліктен бұған қарсылық білдіріп жатқаны түсініксіз.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Павлодар облысы, Құрылыс,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT